Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дархан Сатыбалды Алматыны бірнеше орталыққа бөлуді ұсынды

kz.kursiv.media

Дархан Сатыбалды Алматыны бірнеше орталыққа бөлуді ұсынды

Дархан Сатыбалды қаланы бірнеше дербес орталыққа бөлуді ұсынды. Осы арқылы Алматыдағы көлік кептелісін азайтуға болады деп есептейді ол. Бұл туралы «Алматы ақшамы» басылымында жариялаған мақаласында жазған деп хабарлайды Kursiv Media.

Қала басшының түсіндіруінше, Алматы ұзақ уақыттан бері бір орталыққа тартылған қала ретінде қалыптасқан. Яғни мегаполистегі іскерлік, әкімшілік, мәдени және әлеуметтік орталық шоғырланған. Тиісінше қала тұрғындары да орталыққа ұмтылады.

Бірақ адам саны өскен сайын бұл модель тиімсіз екенін көрсетіп жатыр. Орталыққа түсетін жүктеме артты, кептеліс те көбейді, жолға кететін уақыт та ұзарды. Осы мәселені шешу үшін әкімдік Алматыны бір орталықтан бірнеше дербес орталыққа бөлу деген модельді ұсынып отыр.

«Біз қаланы өзара байланысқан бірнеше полицентрден тұратын кемелді мегаполиске айналдыруымыз керек. Әрбір негізгі орталықтың өз жұмыс орындары, университеттері, медициналық және мәдени нысандары, бизнес орталықтары, сауда және демалыс орындары қалыптасуы қажет. Сонда тұрғын үшін қаланың барлық мүмкіндігі бір ғана нүктеде шоғырланбайды. Адам өз үйіне жақын жерде жұмыс істеп, білім алып, ем қабылдап, демалып, қажетті қызметтерін пайдалана алады. Бұл – көлік кептелісін азайтудың ғана жолы емес, қаланың экономикалық қуатын кеңістікте теңгерудің тәсілі», – деп жазады Дархан Сатыбалды.

Полицентрлік модель – барлық жұмыс, бизнес, оқу, медицина мен демалыс орындары бір ғана орталыққа шоғырланбай, бірнеше орталыққа бөлініп орналасатын қала құрылысы моделі. Бұл тұжырымдамада «15 минуттық қала» қағидаты жұмыс істейді. Яғни тұрғын үй, жұмыс орны, қоғамдық кеңістік, сауда және қызмет көрсету нысандары, мектеп, балабақша, медицина, мәдениет пен демалыс орындары бір-біріне жақын орналасады.

Әр ауданның да өз ерекшелігі болады. Мәселен, бір ауданда жаңа өндірістер пайда болса, екінші ауданда білім мен ғылым шоғырланады, үшіншісінде мәдениет пен шығармашылық индустрия дамиды. Бірақ үнемі бір-бірімен байланысып тұрады.

Қала әкімі ұсынған жоспарға сәйкес, 2030 жылға дейін «Шығыс қақпасы» және Сайран көлінің шығыс бөлігіндегі Almaty Downtown полицентрлері қалыптасуы керек. Кейін бұл жүйеге Алматының «Батыс қақпасы», Оңтүстік-батыс және Солтүстік полицентрлері қосылады.

«Мұндай өзгеріс тарихи орталықтың маңызын төмендетпейді. Керісінше, қаланың жаңа орталықтары пайда болған сайын, қазіргі орталық өзінің тарихи келбетін, мәдени салмағын және Алматының рухани өзегі ретіндегі бірегей рөлін сақтап қалуға мүмкіндік алады», – деп түсіндіреді Дархан Сатыбалды.

2026 жылдағы есеп бойынша, қаладағы халық саны 2 348 103 адамға жетті. Бұрын Алматы халқының негізгі бөлігі Әуезов пен Бостандық аудандарында шоғырланса, қазір бірінші орында – Алатау ауданы. Наурызбай ауданы да ең жылдам өскен аймақтардың біріне айналды.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы бизнес қай ауданда көбірек шоғырланған

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар