Азиада-2026: Рината Сұлтанова Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыста топ жарды. Велошабандоз 36 минут 23.72 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті.
Екінші орынды Қытай өкілі Чжан Хао иеленді. Ол Сұлтановадан 4,86 секундқа қалып қойды. Ал қола медальді Оңтүстік Корея спортшысы Шин Чиын жеңіп алды. Оның нәтижесі жеңімпаздан 32,42 секундқа төмен болды.
Бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы екінші медалі. Бұған дейін Арлан Жанабай ерлер арасындағы триатлон жарысында қола жүлдеге ие болған.
Айта кетейік, Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Ашылу салтанатын қазақстандық жанкүйерлер тікелей эфирде сағат 13:55-те Qazsport пен Qazaqstan арналарынан көре алады.
- Соңғы
- Қыркүйек, 19
-
-
-
-
- Қыркүйек, 18
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
20 қыркүйек 2026