Тараздағы каналдан жаңа туған шақалақтың денесі табылды
Тараз қаласының шетіндегі каналдардың бірінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастап, сәбидің анасын іздестіріп жатыр, деп хабарлады KTK телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, баланың денесін маңайда ойнап жүрген балалар байқап қалған. Алдымен олар сәбиді лақтырып кеткен қуыршақ деп ойлаған.
Жамбыл облысының полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері сәбидің анасының жеке басын анықтау үшін барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», – деді ведомствоның ресми өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Мұндай жағдай Жамбыл облысында бұған дейін де тіркелді. 2 қыркүйек таңертең Қордай ауданындағы көшелердің бірінде өтіп бара жатқан адамдар қоқыс жәшігінен нәрестені тауып алған. Содан кейін полиция баланың анасын тапты.
- Соңғы
- Қыркүйек, 19
-
-
-
- Қыркүйек, 18
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
20 қыркүйек 2026