Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Италия мектептерде никаб пен буркаға тыйым салмақ

kz.kursiv.media

Италия мектептерде никаб пен буркаға тыйым салмақ

Италия үкіметі мектептерде бурка мен никаб киюге тыйым салуды және бір сыныптағы шетелдік оқушылар санын шектеуді көздеп отыр. Бұл туралы Deuche Well басылымына сілтеме жасаған Kursiv Media хабарлайды.

Жаңа өзгеріс жайлы Италия премьер-министрі Джорджа Мелони «Италия бауырлары» партиясының жастар қанаты ұйымдастырған шарада мәлімдеді. Мелонидің айтуынша, мектептердегі оқушылардың беті ашық болуы керек.

«Италияда мектепке беті ашық күйде бару керек. Ешкім нақты немесе ойдан шығарылған дәстүрді сылтау етіп, жас әйелдің бетін жасыруы керек деп шеше алмайды», – деді премьер-министр.

Сонымен қатар үкімет интеграцияға, яғни қоғамға бейімделуге, қиындықтары бар шетелдік оқушылардың ата-аналарын итальян тілін үйренуге міндеттеуді жоспарлап отыр.

Тағы бір ұсыныс – бір сыныптағы шетелдік оқушылардың санын шектеу. Мелонидің сөзінше, итальян тілін білмейтін балалардың саны тым көбейіп кетсе, олардың қоғамға және мектеп ортасына бейімделуі қиындайды.

Алайда үкімет бір сыныпта қанша шетелдік оқушы болуына рұқсат берілетінін әзірге нақтылаған жоқ.

Оқи отырыңыз: Қай елдерде мектепке орамалмен келуге тыйым салынған

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар