Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Арсен Томский Esentai Mall-дағы киім бағасын сынға алды

kz.kursiv.media

Арсен Томский Esentai Mall-дағы киім бағасын сынға алды

inDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығындағы киім бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Кәсіпкер Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында маусым айының басынан бері Алматыда болмағанын жазды. Қалаға келгеннен кейін өзімен бірге жеткілікті киім алмағанын байқап, жақын маңдағы Esentai Mall-ға барған.

Томский премиум санаттағы сауда орталығындағы кейбір тауарлардың бағасына таңғалғанын жасырмады.

«Мен өзім кедей адам емеспін. Бірақ осы футболкаларды 1000 долларға кім сатып алады екен? Ең бастысы – не үшін?» – деп жазды Арсен Томский.

Esentai Mall Алматыдағы премиум сегментке бағытталған сауда орталықтарының бірі саналады. Онда әлемдік люкс және премиум брендтердің дүкендері орналасқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпкер Арсен Томский Ыстанбұлда Босфор жағасында дүркіретіп үйлену тойын өткізген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар