Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оралдағы кеме жасайтын «Зенит» зауыты 18 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

kz.kursiv.media

Оралдағы кеме жасайтын «Зенит» зауыты 18 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Мемлекет Оралдағы «Зенит» кеме жасау зауытын сатылымға шығарды. Кәсіпорынн 18,49 млрд теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Sauda.kz мәліметінше, саудаға қатысуға үміткерлер 2,77 млрд теңге көлемінде кепілдік жарна енгізуі қажет. Электронды сауда-саттық 24 қыркүйек күні өтпек. Өтінімдер 24 қыркүйек сағат 14:25-ке дейін қабылданады, ал сағат 14:30-да сауда-саттықтың өзі басталады.

Жекешелендіру жұмыстарын сатушы ретінде тіркелген «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы жүргізіп жатыр.

Регламент бойынша, аукционға тек бір қатысушы тіркелген жағдайда ғана өтті деп есептеледі. Зауыттың нарықтық құнына тәуелсіз бағалауды «Столичная оценочная компания KZ» жүргізді.

Еске сала кетейік, Орал кеме жасау зауытын сату туралы сөз бірнеше жыл бұрын қозғалған. Бастапқыда сөз түрік инвесторлары туралы болған, кейін олармен мәміле жүзеге аспағаны белгілі болды.

«Зенит» кеме жасау зауыты – Қазақстандағы кеме жасау кәсіпорындарының көшбасшысы. Ашық дереккөздерге сүйенсек, зауыттың іргетасы 1921 жылы Ленинградта қаланған. 1941 жылы зауыт Оралға көшірілді. Бастапқыда кәсіпорын әскери қажеттіліктерге арналған өнімдер шығарған.

1966–1991 жылдары зауыт «К.Е. Ворошилов атындағы машина жасау зауыты» деп аталды. 1996 жылдан бастап акционерлік қоғам ретінде жұмыс істеді.

1993 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде кәсіпорын елдің күштік ведомстволары үшін 34 бірлік катер мен кеме дайындап, пайдалануға берді.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімдігі Қайрат Сатыбалдыдан қайтқан қонақүйді сатылымға шығарды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар