Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ғалымдар адам миын тышқанға салды

kz.kursiv.media

Ғалымдар адам миын тышқанға салды

Ғалымдар миының шамамен жартысына жуығы адам нейрондарынан тұратын тышқандарды жасап шығарды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Futurism ақпаратына қарағанда, Стэнфорд университетінің зерттеушілері тышқандардың ми қыртысындағы жасушаларды қалпына келтіру қабілетін шектеп, адам миының жасушаларын енгізген.

Енгізілген нейрондар тышқан миына бейімделіп, бірнеше жүз жасушадан миллиондаған жасушаға дейін көбейген. Тышқанның миымен байланыс орнатқан. Соған қарамастан, тышқандардың мінез-құлқы негізінен қалыпты болған.

Бұл тәжірибе адам миын және Альцгеймер, деменция сияқты неврологиялық ауруларды зерттеуге жаңа мүмкіндік беруі мүмкін. Мысалы, адам нейрондары бар тышқандар оттегі жетіспеушілігінің кесірінен сәбилерге ұқсас ми зақымдану белгілерін көрсеткен.

Алайда тәжірибе этикалық мәселелерді де көтереді. Адам жасушалары тышқан миында әрі қарай байланыстар қалыптастыруы мүмкін. Бұл санаға қатысты сұрақтар туындатуы мүмкін. Сондықтан ғалымдар зерттеуді тоқтатқан.

Ал Ресей Байқоңырдан тышқандар мен шыбындарды ғарышқа ұшырмақ. Ғарыш айлағынан тірі организмдер орбитаға шығарылады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар