Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда iPhone 18-дің бағасы АҚШ-тан 60 пайызға қымбат сатылып жатыр

kz.kursiv.media

Қазақстанда iPhone 18-дің бағасы АҚШ-тан   60 пайызға қымбат сатылып жатыр

18 қыркүйектен бастап Sulpak және Technodom дүкендер желісі iPhone 18 Pro және Pro Max смартфондарына алдын ала тапсырыс қабылдауды бастады. Базалық 256 ГБ жады бар iPhone 18 Pro бағасы 849 990 теңгені құраса, Pro Max нұсқасы 909 990 теңгеге бағаланып отыр, деп жазады kursiv.media.

АҚШ-та дәл осы модельдерді Apple компаниясы 1 199 жәнн 1 299 доллардан сатып жатыр. 21 қыркүйектегі ресми бағам бойынша бұл шамамен 535 мың және 580 мың теңгеге сәйкес келеді.

Яғни, Қазақстандағы баға АҚШ-тағы бағамен саылстырғанда шамамнг 60 пайызғы қымбат: iPhone 18 Pro 314,6 мың теңгеге немесе 58,8%-ға, ал iPhone 18 Pro Max үшін 329,9 мың теңгеге немесе 56,9%-ға қымбат болып отыр.

Sulpak дүкеніндегі 2 ТБ жады бар нұсқалары 1,7 млн және 1,77 млн теңге тұрады. Бұл АҚШ-тағы Apple бағасынан шамамен 58%-ға жоғары.

АҚШ-тағы бағаларға сату салығы кірмейді. Бірақ оны қоса есептегеннің өзінде бағадағы алшақтық жойылмайды. Мәселен, құнына 21% ҚҚС кіретін Испанияда 256 ГБ жады бар iPhone 18 Pro біздің ақшаға шаққанда шамамен 753 мың теңге, ал Pro Max — 829 мың теңге төңірегінде. Қазақстандағы алдын ала тапсырыс бағасы одан да 10-13%-ға қымбатырақ.

Жаңа iPhone алып, қаражатын үнемдегісі келетіндер тағы бір маңызды дүниеге назар аударуы қажет. Мәселен, енді жай ғана қазақстандық SIM-картаны сала салу жеткіліксіз: құрылғы IMEI-верификациядан өтуі тиіс.

Импортерлар бұл процедураны өздері жүргізеді, ал жеке тасымалдаған жағдайда иесі смартфонның заңды түрде сатып алынғанын растауы қажет. Егер IMEI тіркелмесе, құрылғы ұялы байланыс желісінен өшірілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бүктелетін iPhone Duo қашан сатыла бастайды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар