Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Инвесторды заңсыз жазаламақ болған департамент қызметкері айыппұл арқалады

kz.kursiv.media

Инвесторды заңсыз жазаламақ болған департамент қызметкері айыппұл арқалады

Абай облысының экология департаменті «KAZ MINERALS AKTOGAY» ЖШС-ін әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартпа болған, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Экология департаменті инвесторға қатысты мемлекеттік бақылау аясында заңда көзделген тексеру жүргізбестен және белгіленген рәсімді сақтамай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған.

Облыстық табиғатты қорғау прокуратурасының наразылығы бойынша сот «KAZ MINERALS AKTOGAY» ЖШС-ін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулының күшін жойды.

Сонымен қатар, сот анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің атына жеке қаулы шығарды.

Бұдан бөлек, экология департаменті басшысының орынбасары 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Тағы да оқыңыз: Қытай инвесторы Абай облысында кірпіш зауытын салады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар