БҰҰ рейтингі: Қазақстан адам дамуы бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр
Елдің даму деңгейі тек экономика мен халық табысымен өлшенбейді. Өмір сүру ұзақтығы, білімге қолжетімділік және тұрмыс деңгейі де маңызды. Осы көрсеткіштерді біріктіретін адам дамуы индексін БҰҰ Даму бағдарламасы есептейді, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Адам даму индексі үш негізгі бағытты қамтиды: ұзақ әрі салауатты өмір, білім және лайықты өмір сүру деңгейі. Бағалауда өмір сүру ұзақтығы, оқу жылдарының нәтижесі мен орташа ұзақтығы, сондай-ақ жан басына шаққандағы ұлттық жалпы табыс ескеріледі.
Finprom.kz мәліметінше, 2025 жылғы рейтингте Исландия 0,972 көрсеткішімен бірінші орын алды. Норвегия мен Швейцария 0,970 көрсеткішпен келесі орындарды иеленді. Әлем бойынша бұл индексте орташа 0,756 көрсеткіш болса, ал Еуропа мен Орталық Азияда 0,818.
Орталық Азия елдері
Өңірде Қазақстан көш бастады. Қазақстан 0,837 индексімен әлемде 60-орынға ие болып, Орталық Азиядағы «өте жоғары адам дамуы» санатына кірген жалғыз ел болды.
Тәжікстан «орташа адам дамуы» санатына кірсе, Қырғызстан «жоғары адам дамуы» санатында қалды.
Қазақстан мен Қырғызстан арасында рейтингте 57 орын айырмашылық бар, ал адам даму индексі көрсеткіштерінің айырмасы – 0,117.
Өмір сүру ұзақтығы Қазақстанда 74,4 жыл болса, Қырғызстанда 71,7 жыл. Бұл 2,7 жыл айырмашылықты білдіреді. Қазақстандағы көрсеткіш Орталық Азия елдері арасында ең жоғары.
Осылайша, Қазақстанның адам дамуы деңгейі Қырғызстанға қарағанда айтарлықтай жоғары. Айырмашылық тек экономика көлемімен шектелмейді. Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы мен білім көрсеткіштері де жоғары, ал теңсіздікті ескергеннен кейін де екі ел арасындағы алшақтық сақталады.
Тағы да оқыңыз: Қазақстан бейбітшілік деңгейі бойынша рекорд жаңартты
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 қыркүйек 2026