Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Азия ойындарында 13 жастағы қытай спортшысы рекорд орнатты

kz.kursiv.media

Азия ойындарында 13 жастағы қытай спортшысы рекорд орнатты

13 жастағы қытай спортшысы Юй Зиди Азия ойындарының бірінші күнінде рекорд орнатып, алтын медаль алды. Бұл туралы The Guardian-ға сілтеме жасаған Kursiv Media хабарлайды.

Қазанда 14-ке толатын мектеп оқушысы әйелдер арасында 200 метрді баттерфляй әдісімен 2 мин 05.08 секундта жүзіп өтті. Бұл медаль – қытай жасөспірімінің спорттық мансабындағы ең ірі жеңісі. Енді Юй Зиди екі жылдан кейін Лос-Анжелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатыспақшы.

Жас спортшы 2012 жылы 16 қазанда Қытайдың Баодин қалалық округінде дүниеге келген. 2024 жылы 11 жасында Жазғы Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңіне қатысты. 400 метрді 4 мин 40 секундта жүзіп өтіп, нормативтен бар болғаны ( 4 мин 38 секунд -ред.) 2 секунд кешігіп қалды.

Былтыр Сингапурде жүзуден әлем чемпионатына қатысып, эстафеталық жарыста қола медаль жеңіп алды. Осылайша чемпионат тарихындағы ең жас жүлдегер атанған.

Азия ойындарында қытай спортшылары негізгі фавориттердің бірі саналады. Жарыстың алғашқы күнінде олар жеті алтын медальдің алтауын жеңіп алды.

Еске салайық, қазір Жапониядағы Айчи-Нагояда Азия ойындарыөтіп жатыр. Қазақстан спортшылары алғашқы күні төрт алтын, екі қола медаль алып үлгерді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар