Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өзбекстанда ерлі-зайыпты қарыздарынан құтылу үшін 14 жастағы ұлын сатпақ болған

kz.kursiv.media

Өзбекстанда ерлі-зайыпты қарыздарынан құтылу үшін 14 жастағы ұлын сатпақ болған

Өзбекстанда ерлі-зайыпты 14 жастағы жасөспірім ұлын 45 мың долларға (шамамен 20 млн теңге) сатпақ болған. Ал бозбала ата-анасына қаржылық мәселелерді шешуге көмектескісі келгендіктен, бұған қарсы болмаған, деп жазады Kursiv.Media.

1chi.uz telegram арнасының жазуынша, Қашқадария облысында өзінің 14 жасар баласын сатпақ болған ерлі-зайыптылар ұсталды.

Ақпаратқа сәйкес, 1988 жылғы әйел күйеуімен келісіп, бірінші некесінен туған баласын сатуды ұйғарған. 14 жастағы жасөспірімді 45 мың долларға сатқылары келген.

Ерлі-зайыптылар бұл қадамға қарыздарын жабу үшін барған. Олар қаржылық дағдарыстан шығудың өзге жолын таппаған.

Сот барысында жасөспірімнің өзі ата-анасының бұл жоспарынан хабардар болғанын мәлімдеді. Бозбала ата-анасына қаржылық мәселелерді шешуге көмектескісі келгендіктен, өзін сатуға қарсы болмағанын айтқан. Сондай-ақ ол ата-анасына ешқандай өкпесі жоқтығын жеткізді.

Сот шешімімен, сорақы әрекетке барған ата-ана үш жылға бас бостандығынан айырылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар