Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жүргізушісіз такси келесі жылы іске кіріседі

kz.kursiv.media

Жүргізушісіз такси келесі жылы іске кіріседі

Қазақстанда жүргізушісіз такси келесі жылы іске қосылмақ. Бүгін үкімет отырысында осы мәселе талқыланды деп хабарлайды Kursiv Media.

Қазір Алматыда алғашқы жүргізушісіз көлік тест режимінде сынақтан өтіп жатыр. Көлік әзірге қала туралы мәлімет жинап, оның цифрлық картасын қалыптастыру үшін пайдаланылады дейді Yandex Qazaqstan бас директоры Тимур Шалекенов айтты. Оның түсіндіруінше, автокөлік коммерциялық жолаушы тасымалына шығуы үшін алдымен тест режимінде бірнеше мың шақырым жол жүруі керек.

Ал жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиевтің сөзінше, қазір жүргізушісіз көліктерді пайдалануға мүмкіндік беретін қажетті заңнамалық база әзірленіп жатыр. Пилоттық жоба Алматы, Астана және Қосшы қалаларында іске қосылған.

Жүргізушісіз такси – жасанды интеллект пен арнайы сенсорлар арқылы жолдағы жағдайды бақылап, адамның көмегінсіз қозғала алатын көлік.

Биыл жазда елде жүргізушісіз көліктер мен роботакси іске қосуға ресми рұқсат берілген еді. Мұндай көліктерді жолаушылар мен багаж тасымалдауға да пайдалануға болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар