Алматы-Талғар тасжолын кеңейтуге 14 млрд теңге бөлінеді
Алматы-Талғар тасжолын төрт жолаққа дейін кеңейту қарастырылған. Бұл туралы Автомобиль жолдары комитетнің төрағасы Төлеген Абдулин айтты, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Айтуынша, бүгінгі таңда жобаның сметалық құжаттамасы әзірленіп, бекітілді. Жобаның құны 14 миллиардты құрайды.
«Жоспар бойынша жоба 2027 жылы іске асырылады. Жобаға Қазақстан Даму Банкінен қаражатын тартылады», – деді ол.
Бұған дейін Көлік министрлігі Алматы мен Қаскелең арасындағы тасжол кеңейтіліп, 8 жолақты болатынын хабарлаған еді.
Сонымен қатар жол бойында бес көлік эстакадасы мен 12 жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір салынады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 21
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қыркүйек 2026