Астанада екі апалы-сіңлілі кәмелетке толмағандарды интимдік қызмет көрсетуге тартқан
Астанада екі апалы-сіңлілі екі әйел кәмелетке толмағандарды интимдік қызмет көрсетуге тартқан, деп хабарлайды Kursiv.media.
Прокуратура мәліметінше, екі туыс әйел және олардың жұбайлары елордадағы тұрғын үй кешендеріндегі жалдамалы пәтерлерде притондар ұйымдастырған.
Тергеу нұсқасы бойынша, бұл схема шамамен екі жыл жұмыс істеген.
«Іске администраторлар, күзетшілер және әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнама орналастырған адамдар тартылған. Қыздарды түнгі клубтардан тауып, оларға жоғары жалақы, баспана, қауіпсіздік пен құпиялылық уәде еткен», – делінген қадағалау органының ақпаратында.
Тергеу жыныстық қызмет көрсетуге кәмелетке толмағандардың да тартылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, прокуратура деректері бойынша, топ мүшелері мас клиенттерді таңдап, оларға қатысты физикалық күш қолданған. Ақша бопсалаған және пәтерлерде заңсыз ұстаған.
Іс бойынша барлығы 15 күдікті бар. Олардың бір бөлігі қамауға алынды, қалғандары үй қамағына жіберілді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Былтыр Қазақстанда адам саудасына қатысты 40 қылмыс анықталған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 қыркүйек 2026