Америкалық БАҚ Трамп әкімшілігін сотқа берді
CNN, Politico және MS NOW АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне қарсы Колумбия округінің федералды сотына талап-арыз түсірді, деп хабарлайды Reuters.
18 қыркүйекте америкалық көшбасшы бұл басылымдардың журналистеріне Ақ үй аумағына кіруге тыйым салды. Ол CNN, Politico және MS NOW басылымдарын фейк жаңалықтар таратты деп айыптады.
Келесі күні үш медианың тілшілері кешен аумағына өткізілмей, олардың тұрақты рұқсатқағаздары жойылды.
Редакциялар әкімшіліктің бұл шешімі АҚШ Конституциясына енгізілген Бірінші түзетумен қорғалған сөз және баспасөз бостандығын бұзады деп санайды.
Олар үкіметке талап-арыз бергендері туралы хабарлады. Бұл іс бойынша соттың шұғыл отырысы осы аптада өтуі мүмкін.
Ақ үй өкілдері сотқа талап-арыз берілуіне қатысты әлі пікір білдірген жоқ.
Бұған дейін Трамп Зеленскийден ресейлік мұнай зауыттарына соққы беруді тоқтатуды сұрады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 қыркүйек 2026