Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық әлем чемпионы алғаш рет WBC рейтингіне енді

kz.kursiv.media

Қазақстандық әлем чемпионы алғаш рет WBC рейтингіне енді

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) 2026 жылғы қыркүйекке арналған боксшылардың ресми рейтингін жариялады. Үздіктер тізіміне Қазақстанның жеті өкілі енді, деп хабарлайды Kursiv.Sport.

Рейтингте қазақстандық боксшылардың басым бөлігі өз позицияларын жақсартқан немесе алғаш рет тізімге енген.

Екінші жеңіл салмақта бірден үш қазақстандық боксшы бір сатыға жоғарылады. Сұлтан Заурбек әлем рейтингінде 16-орынға көтерілді. Евгений Павлов 26-орында, ал Бекман Сойлыбаев 38-орында тұр.

Рейтингтегі басты жаңалықтардың бірі – Санжар Тәшкенбайдың WBC рейтингінде алғаш рет орын алуы. Тамыз айының соңында кәсіпқой бокстағы дебютін өткізіп, Астанада WBA Asia аймақтық белбеуін жеңіп алған әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы бірінші ең жеңіл салмақта бірден 35-орынға жайғасты.

Қазақстандықтар арасында WBC рейтингіндегі ең жоғары көрсеткіш Мейірім Нұрсұлтановқа тиесілі. Ол орта салмақтағы рейтингтің бірінші сатысын сақтап қалды. Осылайша, боксшы чемпион Карлос Адаместің басты қарсыласына айналып отыр.

Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет бір саты жоғарылап, 12-орынға көтерілді. Ал жартылай ауыр салмақта Али Ахмедов 28-орындағы позициясын сақтап қалды.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтановтың WBC титулы үшін жекпе-жегі өтуіне бір күн қалғанда тоқтатылған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар