«Барселона», «Дотмунд», «Наполи»: «Сабах» төрт ойынға бір билет шығарды
Әзербайжанның «Сабах» футбол клубы Чемпиондар лигасындағы үй матчтарына арналған бірыңғай билет сатылымын бастады.
Клубтың мәліметінше, жанкүйерлер бір билет сатып алып, Бакудегі Олимпиада стадионында өтетін төрт бірдей кездесуді тамашалай алады. «Сабах» өз алаңында Праганың «Славиясын», Дортмундтың «Боруссиясын», «Барселонаны» және «Наполиді» қабылдайды.
Бірыңғай билеттер iTicket.az платформасында сатылымға шыққан. Осылайша жанкүйерлер Еуропаның бірнеше танымал клубы қатысатын төрт матчқа бір пакетпен кіре алады.
Қазақстандық жанкүйерлер үшін де Бакудегі ойындарға бару салыстырмалы түрде қолайлы. Қазақстан азаматтары Әзербайжанға визасыз бара алады.
Айта кетейік, «Сабах» биыл Чемпиондар лигасының лига кезеңінде өнер көрсетіп жатыр. Клуб үйдегі төрт кездесуін Баку Олимпиада стадионында өткізеді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 21
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қыркүйек 2026