Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада британдық Coventry University жаңа кампусының құрылысы басталды

kz.kursiv.media

Астанада британдық Coventry University жаңа кампусының құрылысы басталды

Астанада британдық Coventry University-дің жаңа кампусының құрылысы басталды. Ғимараттың аумағы 35 мың шаршы метрден асады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ғылым және жоғары білім министрлігі ақпаратына сүйенсек, жаңа кампуста оқу және зерттеу кеңістіктері, сондай-ақ университет пен бизнес өкілдерінің бірлесіп жұмыс істеуіне арналған алаңдар орналасады. Мұнда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярланып, қолданбалы зерттеулер жүргізіледі.

Басты бағыттардың бірі жасанды интеллект болады. Оны өнеркәсіп, қаржы, бизнес және дизайн салаларындағы практикалық міндеттерді шешу құралы ретінде білім беру бағдарламаларына енгізу жоспарланған.

Кампус Coventry University бағдарламалары бойынша білім береді. Оқытуға Ұлыбританияда академиялық және кәсіби тәжірибесі бар халықаралық мамандар тартылады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жобаның мақсаты шетелдік кампус ашумен ғана шектелмей, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің адами капиталын дамыту екенін айтты.

Coventry University Kazakhstan Астанада 2024 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір мұнда 850-ден астам студент білім алып, 40-тан астам шетелдік оқытушы қызмет етеді.

Айта кетейік, 2026 жылдың қыркүйегінде университеттің Алматыдағы екінші кампусын ашу жоспарланған. Онда инженерия, өнер және дизайн бағыттары дамытылады. Осылайша Coventry University Group бір елде екі кампусы бар алғашқы британдық университет атанбақ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар