Италия СІМ басшысы келін таңдауға қатысты пікірі үшін кешірім сұрады
Италияның сыртқы істер министрі әрі вице-премьері Антонио Таяни ұлына жар таңдауға қатысты айтқан пікірі үшін сынға ұшырап, кейін кешірім сұрады, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Таяни «Алға, Италия» партиясының шарасында ұлының болашақ жары туралы пікір білдіріп, байсалды, көзге түсе бермейтін әрі адал, жақсы ана бола алатын әйелді қалайтынын айтқан. Ол әйелдің байсалдығын белдемшесінің ұзындығымен байланыстырған.
Министрдің сөзі Италияда, оның ішінде оппозиция тарапынан да сынға ұшырады.
«Егер менің сөзім біреуді ренжіткен болса, кешірім сұраймын. Мен ешқашан әйелдерді қорлауды ойлаған емеспін», – деді Таяни Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында журналистерге.
Ол сондай-ақ әйелдер құқығын қорғауға қатысты өз қызметін еске салып, Италияның Иран мен Ауғанстанға әйелдерді елші етіп тағайындағанын атап өтті.
Тағы да оқыңыз: Италия мектептерде никаб пен буркаға тыйым салмақ
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 21
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қыркүйек 2026