Трамп Таяу Шығысты қалпына келтіруге 5 млрд доллар бөлмекші
АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Таяу Шығыстың энергетикалық инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін жаңа халықаралық қор құруды ұсынды. Трамп өз тарапынан корға 5 млрд доллар инвестиция салмақшы, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Бұл бастама Иранмен арадағы жеті айлық соғыстың салдарын жоюға бағытталған.
The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, жоба «Одақтастар арасындағы сенім мен құрылыс серіктестігі» деген ресми атау алды.
Қордың жалпы көлемі 10 млрд доллар деңгейінде жоспарлануда. Оның 5 млрд долларын АҚШ бөледі, ал қалған 5 млрд долларын өңірдегі сегіз ел: Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар, Бахрейн, Кувейт, Оман, Ирак және Иордания бірлесіп енгізуі тиіс.
Негізгі мақсаттардың бірі зақымдалған мұнай құбырларын, мұнай өңдеу зауыттарын және басқа да энергетикалық объектілерді қалпына келтіру.
Қазіргі уақытта ұсыныс талқылау сатысында тұр.
Бұған дейін Дональд Трамп Иранмен қақтығыстың аяқталу мерзімін атаған еді. Айтуынша, соғыс қараша айында өтетін Конгресс сайлауынан кейін бірден аяқталуы тиіс.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
22 қыркүйек 2026