Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Абай облысындағы «Тарбағатай» ұлттық паркінде өрт шықты

kz.kursiv.media

Абай облысындағы «Тарбағатай» ұлттық паркінде өрт шықты

Абай облысының Аягөз ауданында болған табиғи өрт «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына тарады. Өртті сөндіруге тікұшақтар тартылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратына сүйенсек, өрт Тарбағатай ауылдық округіндегі Қазанқемір учаскесінде құрғақ шөп пен бұталардың жануынан басталған. Аталған аумақ таулы әрі жетуі қиын жерде орналасқан.

Қазір өртті сөндіруге 226 адам мен 43 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар «Қазавиақұтқару» және ҰҚК-нің екі тікұшағы тартылып, әуеден 12 рет су төгілді.

Өртті сөндіру жұмыстарына таулы жердің күрделі бедері, тік беткейлер, өрт ошақтарына апаратын жолдың болмауы және қатты жел кедергі келтіріп жатыр.

Публикация от Abai oblysy TJD (@112abai)

ТЖМ мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай бақылауда.

Айта кетейік, осыған дейін БҚО-да дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза болған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар