Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Google жасанды интеллекті бар жаңа ноутбук шығарды

kz.kursiv.media

Google жасанды интеллекті бар жаңа ноутбук шығарды

Google компаниясы Gemini жасанды интеллекті жүйесімен біріктірілген жаңа GoogleBookноутбуктерін шығарды. Оған алдын ала тапсырыс беруге болады деп жазады Kursiv Media.

Жаңа құрылғы компанияның бұрынғы Chromebook ноутбуктерінің орнын басады. Бағасы 899 доллардан басталады.

GoogleBook ноутбуктері 4 қазанда АҚШ-та, ал 5 қазанда Канада, Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия және Аустралияда сатылымға шығады.

GoogleBook ноутбуктерін де Google серіктес компанияларымен бірлесіп әзірлеген. Алғашқы кезеңде Acer, Dell, Lenovo, Asus және HP компаниялары жаңа құрылғыларды шығарады. Ноутбуктерде Android пен ChromeOS негізінде жасалған жаңа операциялық жүйе қолданылады.

Алдын ала тапсырыс беруге әзірге бес модель қолжетімді. Acer GoogleBook 14 бағасы 899 доллардан, ал Asus және HP ноутбуктері 1299 доллардан басталмақ.

Құрылғылардың процессоры модельге қарай Intel Core Ultra 5 немесе Snapdragon X Elite болады. Сонымен қатар, ноутбук сатып алғандарға Google AI Pro қызметін бір жыл тегін пайдалану мүмкіндігі беріледі.

Компания мәліметінше, GoogleBook негізінен Gemini жасанды интеллект жүйесімен жұмыс істеуге арналған. Gemini пайдаланушыға күрделі тапсырмаларды автоматтандыруға және оларды тікелей ноутбукта орындауға көмектеседі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар