Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Енді оң рульді көліктер такси қызметін көрсете алмайды

kz.kursiv.media

Енді оң рульді көліктер такси қызметін көрсете алмайды

Енді оң рульді көліктерді такси ретінде қолдануға тыйым салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Айтуынша, Көлік министрлігі Ішкі істер министрлігімен және Яндекс, inDrive-пен бірігіп, рөлі оң жақтағы 70 мыңға жуық көлікті тасымалдау процесінен шығарды.

Сонымен қатар техникалық байқау орталықтарының жауапкершілігі күшейді. Енді оларға жұмыс бастау үшін арнайы рұқсат алу керек. Айыппұл 30-дан 100 МРП-ге дейін өсті. Техникалық байқауды тек қағаз жүзінде (жалған) жасағандардың жұмысы 3 жылға дейін тоқтатылады.

Министрдің айтуынша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 10%-ға, қаза болғандар саны 14%-ға, зардап шеккендер 11%-ға төмендеді.

Апаттың негізгі себебі – жүргізушілердің ережені сақтамауы. Жол апатының негізгі факторлары жылдамдықты асыру, арақашықтықты сақтамау, көлікті басқара алмау, қарсы жолға шығу.

«Осы факторларды төмендету үшін жолдағы тәртіпті күшейту және жүргізушілердің дайындығын бақылауда ұстау керек», – деді министр.

Бұған дейін Олжас Бектенов түнде шу шығарып, елдің мазасын алатын көлік пен мотоцикл иелерін қатаң жазалауды талап етті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар