Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Солтүстік пен шығыста жылу 1 қазанға дейін беріледі

kz.kursiv.media

Солтүстік пен шығыста жылу 1 қазанға дейін беріледі

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымын 1 қазанға дейін бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Министрдің айтуынша, 14 қыркүйектен бастап Павлодар облысында жылыту маусымы басталды. Ал Солтүстік және шығыс өңірлерде ауа райының көрсеткішіне қарай 1 қазанға дейін жылу беру жұмыстары басталады.

Энергия көздерінде жылыту маусымын бастау үшін қажетті отын қоры 4,9 млн тонна көмір және 127 мың тонна мазутты құрады.

Сонымен бірге 4 энергия блогында, 30 қазандықта және 19 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. 17 мың шақырым электр беру желілерін жөндеу толық көлемде орындалды. Сондай-ақ жоспардағы 377 шақырым жылу желілерінің жалпы дайындығы 97%-ды немесе 366 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар Ұлытау, Абай облыстарындағы және Солтүстік Қазақстан мен Ақмола өңірлеріндегі жылу беру нысандары Үкіметтің ерекше бақылауында.

Сәтбаев қаласында жылу магистралін жаңғырту толық аяқталды, қазіргі уақытта желіні тазалау және қысыммен сынау жұмыстары жүргізілуде.

Петропавл қаласының жылу магистральдары бойынша дайындық 95%-ды құрайды, барлық жұмыстарды осы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Степногорск қаласында желінің жалпы дайындығы 76%-ды құрады. Аяқтау мерзімі осы жылғы 25 қыркүйекте.

Семей қаласындағы үш жоба бойынша жоспардың орындалуы 70%-ды құрайды.

Оқи отырыңыз: Биылғы жылыту маусымына дайын емес өңірлер белгілі болды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар