Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде театр билеттері бір жылда 42%-ға қымбаттаған

kz.kursiv.media

Елімізде театр билеттері бір жылда 42%-ға қымбаттаған

Қазақстанда театр билеттерінің бағасы бір жылда 41,5%-ға өскен. Былтыр осы кезеңде театр қызметтерінің бағасы бір жылда небәрі 7,2%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Finprom.kz дерегінше, бағаның ең жоғары өсімі Алматыда тіркелді, онда билеттер 74,1%-ға қымбаттады. Астанада театр билеттері 25,7%-ға, Ақтөбе облысында 37,5%-ға, Павлодар облысында 30%-ға және Абай облысында 29,2%-ға қымбаттаған.

Соған қарамастан, Қазақстандағы театр билеттерінің орташа бағасы көрші елдермен салыстырғанда төмен. Қыркүйек айындағы орташа баға шамамен 3 мың теңге немесе 6,7 долларды құрады.

Қазақстанда театрлар саны да артып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елде 85 театр жұмыс істеген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 11 театрға көп. Алматыда жаңа жеке театрлардың ашылуына байланысты олардың саны көбейген.

Сонымен қатар өткен жылы театрларға барған көрермендер саны 3,2 млн адамға жетіп, бір жылда 2,5%-ға өскен. Театрлар 390-нан астам жаңа қойылым ұсынған.

Тағы да оқыңыз: Алматы қуыршақ театры халықаралық фестивальде топ жарды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар