Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Депутаттар ауыл шаруашылығы жерлеріне толық ревизия жүргізуді талап етті

kz.kursiv.media

Депутаттар ауыл шаруашылығы жерлеріне толық ревизия жүргізуді талап етті

Депутаттар ауыл шаруашылығы жерлеріне толық ревизия жүргізуді талап етті, деп хабарлайды Kursiv.media.

ЖСДП фракциясының депутаттары сауал жолдап, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты бірнеше мәселе көтерді.

Депутаттардың пікірінше, Еуразиялық экономикалық комиссияның деректеріне сәйкес, 2025 жылы Қазақстандағы жеке қосалқы шаруашылықтарда 909 мың тонна мал мен құс еті өндірілген. Бұл – елдегі жалпы ет өндірісінің шамамен 44 пайызы. Ал сүт өндірісіндегі үлесі 60 пайыздан асып, 2,2 млн тоннаға жуықтаған. Және 684 млн дана жұмыртқа өндірген.

«2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі мал басының орта есеппен 50 пайызы жеке шаруашылықтарда шоғырланған. Оның ішінде ірі қараның – 45, қойдың – 40, ешкінің 64 пайызы бар. Олай болса, заңды сұрақ туындайды: елдің азық-түлік қауіпсіздігіне осындай елеулі үлес қосып отырған жеке қосалқы шаруашылықтарды неге әлі де екінші деңгейдегі шаруашылық ретінде қарастырамыз?» – делінген сауалда.

Президент 2020 жылы жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперацияға біріктіру және оларды жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету қажеттігін атап өткен болатын. Депутаттардың ойынша, алты жыл өтсе де, бұл мәселе толық шешімін таппаған.

«Бүгінде ауыл тұрғындары мал азығын дайындау үшін қосымша шығынға батып, қарыз алуға мәжбүр. Оның соңы мал басын қысқартуға әкелуде. Бұл үрдіс жалғаса берсе, ауыл халқының табысы төмендеп, мал шаруашылығын жүргізудің экономикалық мәні азаяды. Нәтижесінде тұрғындар қалаға көшуге немесе мемлекет көмегіне тәуелді болуға мәжбүр болуы мүмкін», – делінген сауалда.

Депутаттар Ауыл шаруашылығы министрінен бірнеше нақты ұсынысты қарауға шақырады.

Біріншісі, ауыл шаруашылығы жерлеріне толық ревизия жүргізу. Әр ауылдың қанша жайылымы мен шабындығы барын, нақты қанша жер қажет екенін және жерлердің кімге тиесілі екенін анықтау керек.

Екіншісі, елді мекендерге іргелес жайылымдарды ең алдымен сол ауыл тұрғындарының қажеттілігіне беру керек.

Үшіншісі, мемлекетке қайтарылған жерлерді тиімді айналымға енгізу қажет.

Төртіншісі, кооперацияны дамыту қажет. Бірнеше шаруашылықтың техника мен жем-шөпті бірлесіп пайдалануына, өнімді өңдеуіне, ветеринариялық қызметтерді ұйымдастыруына және делдалсыз нарыққа шығуына жағдай жасау керек.

Депутаттар осы шаралар ауылдағы отбасының өз еңбегі арқылы тұрақты табыс табуына мүмкіндік беретініне сенеді.

Мұның алдында бір топ депутат премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа Алатау тұрғындарының алаңдаушылығын жеткізді

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар