Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Петропавлда ломбард тоналды: ақпарат берген адамға сыйақы жарияланды

kz.kursiv.media

Петропавлда ломбард тоналды: ақпарат берген адамға сыйақы жарияланды

Петропавлда белгісіз адам ломбардқа кіріп, бірнеше миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған. Ұйым басшылығы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға көмектесетін ақпарат үшін сыйақы жариялады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Оқиға туралы «Ломбард «Деньги населению» ЖШС өкілдері хабарлаған. Олардың мәліметінше, ломбард бөлімшелерінің бірінде белгісіз адам бұзу арқылы алтын бұйымдарды ұрлаған.

«Егер мүлікті ұрлау фактісі туралы нақты ақпарат білетін болсаңыздар, хабарлауларыңызды сұраймыз. Ақпараттың қатаң құпия сақталатынына және лайықты сыйақы берілетініне кепілдік береміз», – делінген ломбардтың ресми хабарламасында.

Кейбір мәлімет бойынша, келтірілген шығын көлемі шамамен 10 миллион теңгені құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ломбардтағы ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Полиция оқиға орнын тексеріп, заттай дәлелдерді тәркілеген. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, ұйым қызметкерлері мен куәгерлерден жауап алынған. Қазір ұрлыққа қатысы бар адамды анықтау және ұрланған мүлікті іздеу бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Полиция ұрлықтың жасалу тәсілі сияқты басқа да мәліметтер жариялауға жатпайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Нарықтағы ломбардтардың үш айдағы таза пайдасы 55 млрд теңгеге жуықтады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар