АҚШ Иранмен БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында келіссөз жүргізуге дайын
АҚШ Иран делегациясымен БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясындағы жоғары деңгейдегі апта барысында келіссөз жүргізуге дайын. Алайда әзірге мұндай кездесу жоспарланбаған, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио NBC News телеарнасына берген сұхбатында «Иран билігінің өкілдерімен байланыс орнатуға дайын ба?» деген сұраққа жауап берді.
«АҚШ президенті Дональд Трамп кез келген адаммен кездесуге дайын екенін айтты. Ол мәселелерді шешу үшін адамдармен сөйлесу маңызды деп санайды. Бұл міндетті түрде олармен келісесіз дегенді білдірмейді, бірақ диалог маңызды. Сондықтан біз мұндай кездесулерге ашықпыз. Қазір нақты жоспарланған кездесу жоқ. Алайда бұл оң нәтижеге жеткізіп, көздеген мақсатқа қол жеткізуге ықпал етсе, біз мұндай мүмкіндікке дайынбыз», – деді Марко Рубио.
Оның айтуынша, АҚШ үшін басты мақсаттардың бірі – Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу.
Тағы да оқыңыз: АҚШ Иран журналистеріне БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуға виза бермеді
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
22 қыркүйек 2026