Brent 100 доллардан төмен түсті: қазақ мұнайы қанша тұрады
Әлемдік нарықта мұнай бағасы қайта төмендеді. 23 қыркүйек таңында Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерсі барреліне $99,18, ал америкалық WTI $90,17 шамасында саудаланды, деп Kursiv Media хабарлайды Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Бағаға Парсы шығанағынан мұнай жеткізілімі ұлғаюы мүмкін деген күтулер әсер етіп отыр.
Сауд Арабиясы мұнайды елдің шығысынан Қызыл теңіз жағалауындағы Янбу портына жеткізетін East-West құбырын белсендірек пайдалана бастады. Бұл бағыт Ормұз бұғазын айналып өтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар нарық АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал келіссөздерді бақылап отыр. Егер тараптар арасындағы шиеленіс бәсеңдесе, мұнай жеткізіліміне қатысты тәуекел де азаюы мүмкін.
Brent Crude Oil, USD/баррель. Дерек TradingView арқылы жаңарып тұрады.
Қазақстан мұнайының негізгі экспорттық қоспаларының бірі – CPC Blend. Cbonds дерегінде 22 қыркүйектегі оның бағасы барреліне $119,31 деп көрсетілген.
Бұл Brent-тің қазіргі фьючерстік бағасынан шамамен $20 жоғары. Алайда екі көрсеткішті тікелей салыстыруға болмайды. Brent бағасы биржадағы фьючерстік келісімшартты көрсетсе, CPC Blend бағасы физикалық мұнай нарығындағы бағалау әдістемесіне байланысты қалыптасады.
CPC Blend қоспасының негізгі бөлігін Қазақстандағы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан өндірілетін мұнай құрайды. Ол Каспий құбыр консорциумы жүйесі арқылы Новороссийск маңындағы теңіз терминалына жеткізіліп, әлемдік нарыққа экспортталады.
- Соңғы
-
-
-
- Қыркүйек, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қыркүйек 2026