Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астана әуежайында заңсыз тасымалданған 223 iPhone 18 анықталды

kz.kursiv.media

Астана әуежайында заңсыз тасымалданған 223 iPhone 18 анықталды

Астана әуежайында кеденшілер 223 iPhone 18 смартфоны мен 10 жұп AirPods сымсыз құлаққабын заңсыз әкелудің 10 фактісін анықтады, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлауынша, кедендік бақылау кезінде жолаушылардың мобильді құрылғыларды багажында алып өткені және тауарларды декларацияламай, «жасыл дәліз» арқылы өткені анықталған.

Бір жағдайда жолаушы бірден 50 смартфон алып өтпек болған. МКК мұндай көлемнің жеке пайдалануға арналған тауарларға белгіленген нормадан айтарлықтай асып түсетінін атап өтті.

Ведомство мәліметінше, мобильді құрылғылары анықталған азаматтардың төртеуі жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Тағы төрт адам техниканы жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей әкелген.

Жеке тұлғалар кеден шекарасы арқылы бір адамға екі смартфоннан артық алып өте алмайды. Тауарлардың саны немесе сипаты жеке пайдалануға арналған тауарларға қойылатын талаптарға сәйкес келмесе, оларды декларациялап, тиісті кедендік рәсімдерден өткізу қажет.

Анықталған техника уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Фактілер бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданып жатыр.

Тауарларды жеке пайдалануға арналған өнімдер санатына жатқызу критерийлері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №250 бұйрығымен белгіленген.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда iPhone 18-дің АҚШ-тан 60 пайызға қымбат сатылып жатқанын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар