Үкімет қандай жағдайда Құрылтайдың келісімінсіз қарыз тарта алады
Құрылтай депутаты Олжас Нұралдинов Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге депутаттық сауал жолдады. Депутат әрбір қарызды Құрылтайда қайта-қайта ратификацияламау мемлекеттік борыштың шамадан тыс өсіп кетуіне әкелуі мүмкін деген алаңдаушылығын білдірді.
Айтуынша, халықаралық келісім аясында Азия инфрақұрылымдық банкінен қарыз алу процедуралары оңтайландырылмақ. Жаңа шарттарға сәйкес, Үкіметке әрбір жеке қарызды Құрылтайдың ратификациясынан қайта-қайта өткізбей-ақ алу мүмкіндігі беріледі.
Депутат өз сөзінде бұл өзгерістердің мемлекеттік қаржы тұрақтылығына тигізетін ықтимал қауіптерін атап өтті.
«Енді мына келісім қабылданса, қазір Азия инфрақұрылымдық банкінің қарыз алу шарттары жеңілдейді. Яғни, әрбір қарызды құрылтайға қайта-қайта ратификацияламай алуға болады. Бірақ ол қарыздар қазір ондаған миллиард теңгемен есептеліп отыр, сондықтан мемлекеттің қарызы шамадан тыс өсіп кетуінің қатері бар», – деді Олжас Нұралдинов.
Ол министрге келесі сауалдарды жолдады:
Өз кезегінде Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің бұл бағыттағы саясатын түсіндіріп, мемлекеттік борышқа төніп тұрған қауіп жоқ екенін айтты.
«Қазіргі уақытта біздер тек мемлекеттік займдар жасадық. Банктен қарыз алу – ол әрине қарызды көбейтетін мәселе. Бірақ қазір біз мемлекеттік кепілдіктер береміз. Ол мемлекеттің тікелей қарызын көтермейді, себебі қарызға жауапты жобаның иесі болады», – деп түсіндірді министр.
Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда елдің сыртқы қарызы 8,4 трлн теңгені құрайды, бұл Жалпы ішкі өнімнің 4,5 пайызына тең.
1 шілдедегі статистикаға сәйкес, ЖІӨ-нің өсуіне байланысты мемлекеттің салыстырмалы қарыз жүктемесі тіпті 20 пайызға дейін азайған.
Министр халықаралық деңгеймен салыстырғанда бұл өте төмен әрі қауіпсіз көрсеткіш екенін және барлық алынған қарыздар мемлекеттің қатаң бақылауында болатынын айтты.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қыркүйек 2026