Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Семейде 19 жастағы бойжеткен бұрыңғы жігітінің қолынан қаза тапты

kz.kursiv.media

Семейде 19 жастағы бойжеткен бұрыңғы жігітінің қолынан қаза тапты

Семейде 19 жастағы бойжеткенді бұрыңғы жігіті пышақтап, оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Қыз алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Оқиға Водный кентінде болған. Жергілікті тұрғындар қыздың айғайлаған дауысын естіп, үйлерінен шыққан. Кейін ауыр жарақат алған бойжеткенді тапқан. Тұрғындар жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Ал күдікті оқиға орнынан бой тасалаған. Куәгерлердің айтуынша, ол шарбақтан секіріп өтіп, қашып кеткен. Кейіннен күдікті ұсталды.

«21 қыркүйекте кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті анықталып, ұсталды. Ол ауданның 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады өңірлік Полиция департаменті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті мен қаза тапқан бойжеткен бір-бірін таныған.

Бойжеткеннің туыстарының айтуынша, қыз жігітке келісімін бермегеннен кейін шабуыл жасалған, әрі оның барлығы інісінің көз алдында болған.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар