Психолог Михаил Лабковскийдің жүрегіне екі ота жасалды
Ресейлік психолог Михаил Лабковский шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Mash деректері бойынша, дәрігерлер оған қолқаның сыдырылуы диагнозын қойған. Жүрегіне екі бірдей ауыр операция жасауға тура келген.
«Оған өрлеу бөлігі мен қолқа доғасы, сондай-ақ брахиоцефальді баған протезделген. Хирургтер жасанды қан айналымы және қан айналымын уақытша толық тоқтату әдісімен жұмыс істеді. Сонымен қатар оған коронарлық шунттау жасалып, жүрек соғысы қалпына келтірілді», – делінген ақпаратта.
Қазір ресейлік танымал психолог үйіне шығарылды. Алда кемінде үш айлық қатаң оңалту кезеңі тұр. Оған қатаң режимді сақтап, физикалық жүктемелерді толығымен шектеу тағайындалды.
Лабковский психолог болып 40 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Ол «Қалаймын және жасаймын» (Хочу и буду), «Жақсы көремін және түсінемін» (Люблю и понимаю), «Балалық шақтан сәлем» (Привет из детства) кітаптарымен және өзінің «6 ереже» әдістемесімен танымал.
Айта кететін жайт, Қазақстанда енді дипломы жоқ және бірыңғай мемлекеттік реестрге тіркелмегендерге өзін «психолог» деп атауға тыйым салынады. Бұл туралы «Психологиялық қызмет туралы» заңда көрсетілген.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
23 қыркүйек 2026