Петропавлда құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды
Петропавлда инклюзивті орталық салынатын аумақты дайындау кезінде адам сүйектері табылды. Осыған байланысты құрылыс жұмыстары уақытша тоқталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Qumash.kz ақпаратына сүйенсек, жұмысшылар аумақтан бас сүйектерін, сүйек қалдықтары мен жерлеу орындарының бөліктерін тапқан. Тарихи деректер бойынша, бұл жерде бір ғасырдан астам уақыт бұрын христиан зираты болған.
Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметінше, нысан қалалық жерде салынып жатқандықтан, сүйектерді қайта жерлеуді ұйымдастыру тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жүктелген. 21 қыркүйекте полиция қайта жерлеуге рұқсат берген.
Табылған сүйектер Рабочий кенті маңындағы зиратқа жеткізіледі. Қазір олар аумақтың бетінен жиналып жатыр. Шіркеу өкілдері мен еріктілер жерді тереңірек кәсіби тексеру қажет деп санайды.
Полиция адам сүйектерінің табылуына байланысты қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Құрылыс жұмыстарының қашан жалғасатыны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, осыған дейін жұмысшылар Петропавлға жақын маңдағы Прибрежное ауылынан екі адам мен ежелгі жануардың қаңқасын тапқанын жазған едік.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
23 қыркүйек 2026