Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астананың бес ауданында жарық өшеді: нақты мекенжайлар тізімі

kz.kursiv.media

Астананың бес ауданында жарық өшеді: нақты мекенжайлар тізімі

Бүгін, 23 қыркүйекте Астананың бес ауданында электр жарығы жоспарлы түрде уақытша өшіріледі. Кейбір мекенжайларда жарық тоғыз сағатқа дейін болмайды. Бұл туралы «Астана-РЭК» хабарлады.

Ең ұзақ уақытқа жарық Байқоңыр ауданында өшіріледі. Сағат 09:30-дан 18:00-ге дейін «Парасат», «Вишневый сад», «Связист», «Березка», «Экспресс», «Экспресс-2» және «Ивушка» тұрғын алаптарында электр энергиясы болмайды.

Сонымен қатар сағат 09:00-ден 16:30-ға дейін Вячеславский көшесі мен Қыранқия көшесінде жарық өшіріледі.

Сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін Республика даңғылындағы №2/1, 2/2, 2/3, 2/4, 4, 4/1, 4/2, 4/3, 6 және 6/1 үйлері, сондай-ақ Бараев және Ғабдуллин көшелеріндегі №1 үйлер жарықсыз қалады.

Есіл ауданында сағат 08:30-дан 16:00-ге дейін Шұбар тұрғын алабында электр жарығы өшіріледі. Атап айтқанда, Босаға, Хлудов, Меркі, Мақатаев, Космонавтар, Балауса және Наркескен көшелерінде жарық болмайды.

Бұл учаскедегі күрделі жөндеу жұмыстары 23–25 қыркүйек аралығына жоспарланған.

Сонымен қатар 23 қыркүйекте сағат 08:30-дан 16:00-ге дейін Түркістан көшесіндегі №8, 8/1 және 8/2 үйлерінде жарық болмайды.

Нұра ауданында сағат 08:30-дан 16:00-ге дейін Қараөткел тұрғын алабындағы Ақкербез, Ақжелен, Таңбалытас, Аягөз және Қазанат көшелерінде электр жарығы уақытша өшіріледі.

Алматы ауданында электр жарығын өшіру бірнеше уақыт аралығына жоспарланған.

Сағат 08:00-ден 16:30-ға дейін Абылай хан даңғылындағы №21/1, 21/1а, 27/1, 25/2, 25/1, 25, 33 және 27а үйлерінде жарық болмайды.

Сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабындағы Берімжановтар көшесінде, Ақтоған, Алқоныр, Сүтбұлақ, Бозшолақ және Кертолғау тұйық көшелерінде, сондай-ақ М. Шоқай және Ахметбеков көшелерінде электр жарығы болмайды.

Сағат 13:00-ден 16:30-ға дейін Ш. Құдайбердіұлы көшесіндегі №8, 10 және 12 үйлерде, сондай-ақ І. Жансүгіров көшесіндегі №10, 10/1 және 10/2 үйлерде жарық өшіріледі.

Сарыарқа ауданында сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Тлендиев, Тұрлыбаев, Босбиік, Жайлыма және Сейдалин көшелерінде электр жарығы болмайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар