Батыста күн ысып, солтүстікте үсік жүреді
«Қазгидромет» синоптиктері 24, 25 және 26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Kursiv Media.
Мамандардың мәліметінше, елді жаңбыр, найзағай күтіледі, жел күшейеді. Еліміздің барлық дерлік өңірлерінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
Түнгі және таңертеңгі сағаттарда кей жерлерде тұман болжанады. Солтүстік өңірлерде 25–26 қыркүйекте 1–2°С-қа дейін үсік жүреді.
Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +20…+28°С-қа дейін, солтүстік-батыс пен солтүстікте +10…+17°С-қа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25°С-қа дейін төмендейді. Таулы аймақтарда ауа температурасы +10…+15°С аралығында болады.
Ал еліміздің орталығы мен шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Бұған дейін «Қазгидромет» 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
23 қыркүйек 2026