Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жәнібек Әлімханұлының жаңа қарсыласы анықталды

kz.kursiv.media

Жәнібек Әлімханұлының жаңа қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін даниялық Джейкоб Банкпен жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) 22 қыркүйекте бос тұрған екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін Әлімханұлы мен Банк командаларына келіссөз бастауды ресми түрде міндеттеді.

WBO шешіміне сәйкес, екі тарапқа келісімге келу үшін 15 күн берілген. Келіссөздердің соңғы мерзімі – 7 қазан. Егер осы уақытқа дейін тараптар ортақ мәмілеге келе алмаса, ұйым жекпе-жекті өткізу құқығына промоутерлік сауда жариялайды. Құжатта мұндай саудадағы ең төменгі ұсыныс 300 мың доллар болатыны көрсетілген.

Жәнібек Әлімханұлы да әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы қарсыласына қатысты пікір білдірді.

«Қарсылас анықталды! Егер ол да әлсіздің ізін баспай, айқасқа келіссе, алда үлкен шоу күтіп тұр! Жаңа салмақ! Бірден чемпиондық титул! Бұйыртса, екі салмақта әлем чемпионы атанамыз!» – деп жазды қазақстандық боксшы.

Осылайша, жекпе-жек өтсе, Әлімханұлы жаңа салмақ дәрежесіндегі алғашқы кездесуінде бірден WBO әлем чемпионы атағына таласады.

Еске сала кетейік, бұған дейін британиялық боксшы Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бас тартып, WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы чемпиондық титулын босатқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар