Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Құрылтайға өтпей қалдым деген өкініш жоқ - Аманжол Әлтай

kz.kursiv.media

Құрылтайға өтпей қалдым деген өкініш жоқ - Аманжол Әлтай

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Құрылтайға өтпегеніне өкінбейтінін жеткізді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Бұл туралы ол Халық кеңесінің ашылу сессиясының кулуарында айтты.

Оның пікірінше, алдына мақсат қойған адамға қашанда жұмыс табылады.

«Мен Мәжілістен кеткелі бос жүрген жоқпын. Өздеріңізге белгілі, Мәжілісте жүрген кезде де мен университетте педагогикалық жұмысымды үзген жоқпын. Парламентте депутат болып жүріп, докторанттар шығардым. Магистранттарым бар. Ғалым адам болған соң, біздің жұмысымыз ешқашан үзілмейді. Құрылтайға өтпей қалдым деген өкініш жоқ», – деді Аманжол Алтай.

Оның пікірінше, Халық кеңесі – жоғары консультативті орган да өте жауапты, маңызды құрылым. Жаңадан құрылып жатқан шаңырақ. Экс-депутат алда атқаратын жұмыс көп екенін алға тартты. Аманжол Әлтай Халық кеңесінің ортақ байлам жасайтын орын екенін айтты. «Ешкім жалғыз шауып бәйге алмайды», – деді бұрынғы депутат.

«Халық Кеңесінің конституцияда белгіленген құзыретіне, мүмкіндігіне сай, еліміздегі, өңірлердегі маңызды мәселелерді сараптап, комитеттерді, комиссияның, жұмыс топтарының шеңберінде талқылап, Халық кеңесінің шешімімен ең маңызды деген заң жобалары халық кеңесінде пысықталып, Құрылтайға ұсынылатын болады. 120 өкілдің әрбірі өзі қалаған заң жобаларын жібере бермейді», – деді ол.

Оның айтуынша, ғалым үшін руханиат, ғылым мен білімнің саласы бірінші кезекте тұрады. Мәжілістің аграрлық комитетінде жұмыс атқарған тәжірибесіне сүйеніп, ауылдың, өңірдің мәселесін және өзге де өзекті мәселелерге назар аудармақ

Айта кететін жайт, Халықтық кеңестің құрамына еліміздегі этностардың 42 өкілі, қоғамдық бірлестіктердің 42 өкілі және өңірлердегі мәслихаттардың 42 өкілі кіретіні белгілі болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар