Құрылтайда тағы 10 заң жобасы қаралады
«Қазақстан Халық Кеңесі» атауы – Конституцияда бекітілген бірыңғай әрі ресми нұсқа. Ұйымның бірінші сессияның негізгі отырысында Тоқаев осылай деп мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, Халық Кеңесі деген атауды да өзі ұсынған.
«Мен елдегі түйткілдерді ашық талқылайтын, жұрттың ұсыныс-пікірлерін сараптап, нақты шешімдер ұсынатын арнайы институт құруды көптен бері жоспарлап жүрдім.Оның құрылымы, атқаратын жұмысы жөнінде ұзақ ойландым. Кеңестің атауын Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға өзім ұсындым. «Қазақстан Халық Кеңесі» деген атау жаңа институттың жалпыұлттық сипатын көрсетеді. Конституцияға сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі бұл – халық», – деді ол.
Президент сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі, Ұлттық Құрылтай тәрізді органдардың маңызына да тоқтала келді. Оларды консультативтік-кеңесші қызметі болғанын айтып, аталған институттар өздеріне жүктелген тарихи миссияны толығымен орындады деген баға берді. Айтуынша, Ұлттық Құрылтайдағы жұмыс арқасында 26 заң қабылданған. Тағы 10 заң жобасы Құрылтайда қаралады.
Ол ұйымдар қатарында болған азаматтарға да ризашылығын білдірді.
Оқи отырыңыз: Халық кеңесі қандай тәртіппен жұмыс істейді
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026