Абдурашид Абдуллаев ушудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында ушу–саньда шебері Абдурашид Абдуллаев Қазақстан қоржынына күміс медаль сыйлады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Отандық спортшы 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдеге таласып, финалдық кезеңге дейін сәтті жетті.
Абдурашид Абдуллаев шешуші кездесуде Иран өкілі Сохейл Мусавимен шеберлік байқасып, тартысты өткен бәсекеде қарсыласына жол берді.
Осылайша, ұлттық құраманың қоржыны тағы бір күміс жүлдемен толығып, Абдурашид Абдуллаев Азия ойындарын екінші орынмен аяқтады.
Бұған дейін, ескек есуден Қазақстан алтын алған еді.
- Соңғы
-
-
-
- Қыркүйек, 23
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026