Пәкістан Ауғанстанға шабуыл жасады
Пәкістан армиясы Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласына шабуыл жасады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Tolonews ақпаратына қарағанда, Ауғанстан билігінің өкілі Забихулла Муджахид зардап шеккендер мен материалдық шығын болмағанын мәлімдеген.
«Пәкістан әскери күштері Кандагардың тоғызыншы ауданындағы шөлді аймақта шабуыл жасады», – делінген хабарламада.
Кандагардың барлық аудандарынан қатты жарылыс естілген. Бұған қарамастан, құқық қорғау органдары тұрғындарды алаңдауға негіз жоқ деп сендірген.
Ал Пәкістанның ақпарат министрі Атаулла Тарар Ауғанстан аумағындағы дрондарды ұшыру және сақтау орындарының он нысанына әуе соққылары жасалғанын мәлімдеді.
Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас былтыр қазан айында шиеленісе түскен еді. Сол кезде Пәкістан әскери-әуе күштері Кабулға соққы жасап, Ауғанстан Қорғаныс министрлігі «кек қайтару операциясын» жариялаған. Тараптар бір апта бойы бір-біріне әуе соққыларын жасап, кейін Катар мен Түркияның арағайындығымен атысты тоқтатуға келісті.
Ақпан айының соңында Ауғанстан Пәкістанның бомбалауына жауап ретінде Дюранд сызығының бүкіл бойында операция бастады. Исламабад өз кезегінде өзі де оқ атқанын хабарлап, тәліптермен ашық соғыс басталғанын жариялады.
Айта кететін жайт, БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Ауғанстандағы өкілі Джон Эйлиффтің айтуынша, Таяу Шығыстағы дағдарыс салдарынан миллиондаған әйел мен бала үнемі дұрыс тамақтанбаудан зардап шегіп отыр.
- Соңғы
-
-
-
- Қыркүйек, 23
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026