Төрехан Сабырхан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Сабырхан алғашқы кездесуінде Катар өкілі Мұхаммед Лбичимен жұдырықтасты.
Үш раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшы басымдық танытты. Төрешілер үш раундтың қорытындысы бойынша жеңісті Төрехан Сабырханға берді.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – 2022 жылы жастар арасындағы Азия чемпионы, 2024 жылы жастар арасындағы әлем чемпионы атанды. 2025 жылы ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанып, ұлттық құраманың негізгі сапына енді. Сол жылы World Boxing ұйымдастырған әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп, ересектер арасындағы әлем чемпионы атағына қол жеткізді.
Ендігі кезекте, Төрехан Сабырханға дәл осы ересектер арасындағы Азия чемпионы деген атақ жетпей тұр.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026