Қаржылық қызметтерге шағым түсіруге арналған FinOtinish платформасы іске қосылды
Қазақстанда банк тұтынушыларының құқығын қорғауға арналған FinOtinish платформасы пилоттық режимде жұмысын бастады , деп хабарлайды Kursiv.media.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылардың өтініштерін қарауға арналған FinOtinish цифрлық платформасын пилоттық режимде іске қосты.
«Платформа қаржы ұйымдарының тұтынушылармен өзара іс-қимылын жетілдіруге, сондай-ақ адал мінез-құлық пен жауапты кредиттеу қағидаттарын дамытуға бағытталған», – деп хабарлайды ведомство.
FinOtinish тұтынушыларға қаржы ұйымдарымен өзара әрекеттесудің бірыңғай цифрлық арнасын ұсынады.
Платформа арқылы өтініш жіберіп, оның өңделу мәртебесі мен қарау мерзімдерін бақылауға болады. Түскен өтініш тиісті қаржы ұйымына автоматты түрде бағытталады. Егер мәселе шешімін таппаса, өтініш өзінің құзыреті шегінде банк омбудсменіне берілуі мүмкін.
Бірінші кезеңде FinOtinish пилоттық режимде төрт банктің — «Фридом Банк Қазақстан» АҚ, «ЦентрКредит Банкі» АҚ, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Alatau City Bank» АҚ қатысуымен іске қосылады.
Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша басқа банктерді де кезең-кезеңімен қосу және платформаның тұтынушылар үшін қолжетімділігін кеңейту жоспарда бар.
Айта кетерлігі, тұтынушылар үшін платформаны пайдалану тегін.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026