FlyArystan Алматыдан Қытайдың тағы бір қаласына жаңа маршрут ашты
FlyArystan Алматы мен Чунцин арасында тікелей әуе қатынасын іске қосты деп хабарлайды Kursiv Media FlyArystan-ға сілтеме жасап.
Чунцин әуе компаниясы рейс орындайтын Қытайдағы төртінші қалаға айналды. Бұған дейін FlyArystan Үрімші, Інин және Сиань қалаларына рейстер орындаған.
Бұл бағыт бойынша рейстер аптасына екі рет орындалады. Алматыдан рейстер сәрсенбі және сенбі күндері сағат 20:55-те ұшып, Чунцинге келесі күні сағат 04:55-те қонады.
Чунциннен кері рейстер бейсенбі және жексенбі күндері сағат 05:55-те ұшады. Алматыға сағат 08:25-те жетеді.
FlyArystan президенті әрі бас атқарушы директоры Йохан Эйдхагеннің айтуынша, Чунцин Батыс Қытайдағы маңызды экономикалық, өнеркәсіптік және логистикалық орталықтардың бірі саналады.
«Чунцин мен Алматы арасында тікелей рейстің іске қосылуы FlyArystan-ның Қытай нарығындағы қатысуын дамытудың жаңа кезеңін білдіреді. Соңғы жылдары біз маршруттар желісін біртіндеп кеңейтіп, Қазақстанды Қытайдың Үрімші, Сиань және Інин сияқты ірі қалаларымен байланыстырдық. Енді осы желіге Чунцинді қосып, жолаушыларымызға Қазақстан мен Қытай арасында тікелей әрі ыңғайлы сапар шегудің тағы бір мүмкіндігін ұсынып отырмыз», деді ол.
Оқи отырыңыз: АҚШ Қазақстаннан тікелей рейс ашу үшін тексеріс жүргізеді
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026