Шымкентте қаңғыбастар мен қайыршылар ұсталып жатыр
Шымкент полициясы қоғамдық орындарда тіленіп жүрген қаңғыбастар мен қайыршыларға қарсы іс-шара өткізіп жатыр, деп хабарлайды Kursiv.media.
Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаменті хабарлады.
Департаменті бастығының бұйрығына сәйкес, 22-27 қыркүйекте «Қайыршы» жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде.
«Мақсаты – қаңғысбастықпен, қайыршылықпен айналысып жүрген тұлғаларды анықтап, заң аясында тиісті шаралар қабылдау. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзып, қайыршылықпен айналысып жүрген шетел азаматтарын ел аумағынан аластату», – деп мәлімдеді полиция өкілі.
Сонымен қатар, тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтарды бейімдеу орталықтарына орналастырылмақ. Полицияның пікірінше, қаладағы қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге ықпал етпек.
Айта кететін жайт, Алматы полициясы тұрғындарға таспен, таяқпен шабуыл жасаған қайыршы шетелдіктерді елден шығарған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026