Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан облысында газ баллондары бар құрылыс өртенді

kz.kursiv.media

Түркістан облысында газ баллондары бар құрылыс өртенді

Түркістан облысының Қаратас ауылында жеке үйдің ауласындағы шаруашылық құрылыстың шатыры өртенді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлауынша, өрттің аумағы 75 шаршы метрді құраған. Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар тілсіз жау аумағынан сыйымдылығы 50 литрлік екі және 25 литрлік бір газ баллонын алып шықты.

«Осылайша жарылыс қаупінің алдын алуға мүмкіндік туды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ТЖМ.

Айта кетейік, осыған дейін Семейде Сосновая көшесінде көлік жуу орнында ірі өрт шығып, жалын жүк көлігі мен екі жеке үйге де тарағанын жазған едік. 22 қыркүйек кешке көлік жуу орнының маңында газ-ауа қоспасы тұтанып, кейін газ тасымалдайтын көлік жарылған. Өрт бір қабатты көлік жуу ғимараты мен екі жеке тұрғын үйге тараған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар