Тоқаев әскери қызметшілердің қазасына байланысты көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты деп хабарлады Ақорда.
Президент Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.
Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.
Бүгін Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 19 теңізшіні Каспий теңізінің ағысы алып кетті. Оның тоғызы қаза тапты. Үш әскери қызметші құтқарылған, олардың біреуі ауруханаға жатқызылған. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бас Прокуратура Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезіндегі тоғыз теңізшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Сонымен бірге үкіметтік комиссия құрылды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026