Астаналық зейнеткерлерге қарттар күнінде қанша ақша беріледі
1 қазан – Қарттар күніне орай Астанада 110 мыңнан астам зейнеткерге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Әр азаматқа 2,5 АЕК көлемінде ақша аударылады. Бұл туралы Астана әкімдігі «Курсивке» берген жауабында мәлімдеді.
2026 жылы 1 АЕК – 4 325 теңге. Осыған сәйкес, 2,5 АЕК 10 812,5 теңгені құрайды.
Әлеуметтік көмек Астанада тіркелген жасы бойынша зейнеткерлерге, сондай-ақ зейнеткерлік жастағы және ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар санатына берілмек.
Астана әкімдігінің мәліметінше, төлем алушылардың тізімін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынады.
«1 қазан – Қарттар күніне орай Астана қаласында тіркелген жасы бойынша зейнеткерлерге және ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен зейнеткерлік жастағы адамдарға 2,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай төлем жүргізіледі. Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жіберген тізім бойынша 110 мыңнан астам зейнеткерлік жастағы адамға беріледі», – деп хабарлады Астана әкімдігі.
Әлеуметтік көмекке арнайы өтініш берудің қажеті жоқ. Төлем мемлекеттік корпорация ұсынған тізім негізінде жүргізіледі.
Айта кетейік, Астанада Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем бұған дейін де берілген.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026