Болашақ
Санада сансыз серпіліп күшті ой, арман,
Көңілді кезіп құлшыныспенен оянған.
Асқардан асып шарықтағанда шабытым,
Асқақтап тұрып шаң шығарайын жаяудан!
Өмірде құнды, көңілге нұрлы күн шығып,
Белестерімен белдескен мынау тіршілік.
Бəйтеректей бір биіктегісі келеді,
Жер бетін жарып жаңа гүлдеген бір шыбық.
Данқты болып көкке жетудің шарты — шу,
Жердің бетінде алысу жəне тартысу.
Тау-тасты жарып тасқындағысы келеді,
Табиғатынан талпынып тұрған тамшы су.
Жарқырап шығып бастайын байтақ жол алға,
Тайсалмай тұрып тұғырым биік болар ма?
Менің де бір күн ұлы ақын болғым келеді,
Ұлы адамдары санаулы мынау қоғамда.
Болғым келеді, асырып өтем іске мен,
Тасып шыққанда жігерлі, қайсар, күшті өлең.
Мойымай жүріп мойындатамын барлығын,
Қатты болмай ма жемістің өзі піспеген?!
Жалындап жанып жеткізер шабыт оты айға,
Сенім мен сезім тіршіліктегі екі айна!
Қадам басқанмен, соңымнан ізім қалмаса,
Жер бетін басып жүргендігімнен не пайда?
Ойға алып тұнып, ойланып тұрып оңаша-ақ,
Балалық шағым армандарыма тола шақ.
Тасыған шабыт, шексізден шексіз сəттермен,
Қашан келер деп күтіп тұр мені, болашақ!
Кім артық менен, кім әлсіз?
Бақыт алдымда тұрар күтпеген,
Жыр артып келем күмəнсіз.
Жалғыз сұраққа құмартып келем,
Кім артық менен, кім əлсіз?
Кейбіреулердің өр — есімдері,
Ел есіндегі жыр күнде?
Барлық адамның тең өсулері,
Теңесулері мүмкүн бе?
Барлығынан да мықтымын дейсің,
Шықты күн дейсің тұмансыз.
Кəрілік келсе түкті білмейсің,
Тіпті жүрмейсің құралсыз.
Бəрінен асқан данышпансың ба,
Жарысқансың ба өмірмен?
Жарысамын деп алысқансың ба,
Қауышқансың ба өліммен?
Бəрінен сұлу ажарлымысың?
Жазар жырысың — ерінбес.
Дей алғаныңмен — «тазарды мүсін»,
Ажал бұл үшін — жеңілмес.
Шығар алдыңнан жаңғырық елес,
Тағдыры белес — тамшы өнер.
Мақтауға келмес — мəнділік емес,
Мәңгілік емес нәрселер.
Мәңгілік емес — сақталу ғана,
Бақ дару ғана — шыңдайды.
Уақытша нəрсе шаттануға да,
Мақтануға да тұрмайды.
Ісің көрсетсін тіліңнен бұрын,
Біліммен бүгін санаң бар.
Артық емессің біріңнен-бірің,
Біріңнен-бірің адамдар.
Артық емеспіз — сан ғаламда да,
Мəн қалар жаңа көрерміз.
Біз төмен болсақ — Алладан ғана,
Алладан ғана төменбіз.
Исламәли Біржанұлы,
«Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің айтыс сыныбы оқушысы
«Оңтүстік Рабат» газеті, №39
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026